Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұлттық банк 2000 теңгелік ақша туралы мәлімдеме жасады

Ұлттық банк 2000 теңгелік ақша туралы мәлімдеме жасады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының ұлттық банкі номиналы 2000 теңгелік банкноттар туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қазіргі уақытта ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған номиналы 2000 теңгелік банкноттар айналымда жүр. Азаматтар қайсы жалған екенін білмей әлек болды.
"Қазақстан Республикасының ұлттық банкі ұлттық валюта – теңге банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес, ұлттық банк төрағасының теңге банкноттарында қолтаңбасының қойылуы туралы талаптың 2016 жылдан бастап алып тасталғанын еске салады. Қазіргі уақытта айналымда ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар бар", - делінген ақпаратта.
Бұл банкноттар заңды төлем құралы саналады және төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті, деп атап өтті ұлттық банк.
Ал сұрақтар туындаған жағдайда қолма-қол ақша айналымы департаментінің +7 (727) 596-814 телефонына хабарласуға болады.
20 ақпан 2020 ж. 377 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области