Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

Қазақстан теңгесі банкноттары енді тек қазақ тілінде жазылады. Бұл туралы «Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы» ҚР Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 Жарлығында атап көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
«Банкноттар мен монеталар дизайнында пайдаланылатын жазбалар мәтіні мемлекеттік тілде ресімделеді. Инвестициялық және коллекциялық монеталар дизайнында шет тілдерде жазбалар пайдалануға жол беріледі», - делінген Қазақстан теңгесi банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасының 2- тарауында.
Сонымен қатар онда инвестициялық және коллекциялық монеталар дизайнында монеталар дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазбаларды пайдалануға жол берілетіні атап өтілген.
Айта кетейік, бұған дейін банкноттар мен монеталарда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жазулар пайдаланылатыны заңды күшінде болған еді.
«Шет тілінде ресімделетін басқа елдердің тапсырыстары бойынша дайындалатын коллекциялық монеталарды қоспағанда, коллекциялық және инвестициялық монеталарда жазулардың мәтіні мемлекеттік, сондай-ақ орыс немесе шет тілдерінде ресімделеді», -деп жазылған еді құжатта.
22 ақпан 2019 ж. 449 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области