Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұлттық банктің қызметкері қазақ тілін менсінбегені ме?

Ұлттық банктің қызметкері қазақ тілін менсінбегені ме?

Ұлттық банк қызметкері қазақ тіліндегі арызға орыс тілінде жауап берген, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz «Zan Zangary» құқықтық компаниясына сілтеме жасап.

ҚР Тіл туралы заңының 11-бабында мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiлетіні бекітілген.
Ал, Ұлттық банк қызметкері А.Терентьев қазақ тіліндегі арызға орыс тілінде жауап берген.
«Бас прокуратураға Еуразиялық банк сот актісін орындамай, Конституцияны бұзып жатқаны жөнінде шағым түсірген. Бас прокуратура оны Ұлттық банкке жолдаған. Шағым қазақ тілінде жазылған. Алайда, Ұлттық банк бұл шағымды Қызылорда филиалына жібергені туралы хатты орыс тілінде берген. Қазақ тілінде берілген шағымға орыс тілінде жауап жазған Ұлттық банк қызметкері А.Л.Терентьев деген екен. Сонда Ұлттық банк заңнан үлкен бе?! Терентьев Қазақстандық емес пе?» – делінген құқықтық компанияның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Компания қолданыстағы заңдардың тіл туралы талаптарын көрінеу бұзғаны үшін Ұлттық банктің қызметкері А.Л.Терентьевтің жауапкершілігін шешуді талап етіп отыр.




04 қаңтар 2019 ж. 649 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области