Г.ШИПОВСКИХ: БҮГІН ОЛАРҒА ЖАҚСЫ БАҒА БЕРЕМІЗ

«Күні кеше ғана Елбасы Парламент пен Үкімет отырстары қазақ тілінде өтуі Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки.. Айта кететін жайттың бірі орыс тілінде де ешқандай қиындық соқпайды. Мұны бәріміз білеміз. Кеше де көрдік. Егемендік алғанымызға 27 жыл болды, сондықтан да қазақ тілі басымдыққа ие болады. Бірден болмағанымен кезең-кезеңімен болады, сол кезең жақындап келе жатқан сияқты», - деді депутат.
Журналист Үкімет пен Парламент отырыстарында сөз алған шенеуніктердің қазақшасына берер бағасын сұрады.
«Ең бастысы қазақ тілін меңгеріп, еркін сөйлеуі үшін адамның ішінде ынтасы болуы керек. Бүгін оларға жақсы баға береміз. Адамда жауап бере алмай қалатын кездер болады ғой, менің ойымша бұл – эмоция. Эмоция болғаннан кейін адамда ол тұрақты нәрсе. Менің ойымша, жақсы. Алдағы уақытта үйренеді, оң нәтиже болады деген ойдамын. Шамалы күтеміз», - деді ол.