ЕҢ ЖАС МӘЖІЛІСІМЕН ҮЙЛЕНДІ
Парламенттегі ең жас депутаттың таңдаған жарының есімі – Мөлдір. Екі жастың тойы Қызылорда қаласындағы «Орда» мейрамханасында өтті.
Мәжілісмен 1989 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл ауылында дүниеге келген. Ол 2004 жылы әкесі Шиповских Геннадий Павлович пен анасы Куликова Лидия Николаевна қайтыс болғаннан кейін Макаренко атындағы балалар үйіне тапсырылған оны қазақ отбасы асырап алады. Геннадийді Алтынбек деп атайтын әкесі Мұрат пен анасы Баян қалыңдықты қазақы дәстүрмен құда түсіп, әперіпті.
– Қазақ тілінің жақын болып кеткені соншалық, осы тілде ойлаймын. Қазақ балабақшасына барып, қазақ мектебінде оқығанмын. Балалық шағымдағы достарымның барлығы – қазақ. Өзімді де нағыз қазақ сезінемін, – дейді жас депутат.