Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ИРАН ҚАЗАҚТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ИРАН ҚАЗАҚТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ


    Аумалы-төкпелі заманда төрткүл дүниеге тарыдай шашылған қазақтардың бір шоғыры Иран Ислам Республикасында орныққан. Жуырда осы елге сауда-экономикалық байланысты дамыту мақсатымен барған қызылордалық делегация Иран қазақтарымен кездесті. Елбасының арнайы сәлемдемесін жеткізді, деп хабарлайды  24.kz телеарнасы.
     Зиба Адай – Иранда қазақ радиосын ашуға мұрындық болған жандардың бірі. Бүгінде зейнеттік демалыста жүргенімен, тілшілік тіршіліктен қол үзбеген. Қазақ тілінің туын тік көтеруді көздеген қандасымызбен Горганға қазақстандық делегациядан сұхбат алу үшін арнайы келіпті.  
    - Иранда ешқандай қазақ мектебі мен кітабы жоқ. Бірақ біз осы әке-шешеміздің айтқандарымен сақтап қалуымыз үшін осы аз ғана қазақ тілін білгенімізбен ғана қазақ радиосын ашайық деп, Иран үкіметінің арқасында осы қазақ радиосын 3-4 мұғалім бастап ашып, кейін Қазақстан азаматтарын жұмысқа алып, қазір біз зейнетке шықтық. Қазақстаннан балалар-қыздар келіп, радио Тегеранда қазірге дейін жүріп жатыр,– дейді Ирандағы қазақ радиосының ардагері.  
    Гүлстан правинциясының Горган қаласында 400-дей қазақ отбасы бар екен. Оларға арнап зәулім қазақ мешіті де салынған. Қызылордалық делегация Иран қазақтарымен осы рухани ордада бас қосты.
    Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Елбасының сәлемін жеткізді. Және парсы ақыны Фердоусидің «Шахнамасын» қазақ тілінде жырлаған Сыр шайырларының аудиожинағын сыйлады.
    Иран қазақтары ата дәстүрге өте берік. Көпшілік жиындарда ұлттық нақышта киініп, ұлттық тағамдар дайындайды. Ал жеті атаға толмай қыз алыспау бұлжымас заңдылыққа айналған. Жастарға жол көрсетер аға буын аталар аманатын барынша сақтап отыр. Қонақжайлықтары бір бөлек.
    - Келін келеді, ол келіннің бетін ашады, ол келін келген құда, жекжат, ата-енеге шай құйып береді. Оған көрімдігін береді. Сол келін алып жатқанның туысы, нағашы ағасы қой сойып, келін шақырады. Біздің Ирандағы тойымыз, сол баяғы Қазақстандағы тойымыз, – дейді  Горган қаласының тұрғыны Әбілсаттар Бәли.
    Соңғы жылдары Қазақстанда білім алуға ниетті Ирандағы қазақ жастарының қатары көбейген. Атамекенге түбегейлі қоныс аударғандар да аз емес екен. Ең бастысы, шеттегі аз ғана қандастарымыздың миллиондардың арасында жұтылып кетпеу үшін ұрпақ тәрбиесімен ұлттық рухты сабақтастыра білгені көңіл қуантты.  

01 қараша 2017 ж. 690 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области