Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ашылатын шыны зауытында жылына 197 мың тонна өнім өндіріледі

Қызылордада ашылатын шыны зауытында жылына 197 мың тонна өнім өндіріледі

Kyzylorda-news.kz. Биыл шілде айында Қызылордада шыны зауыты өз жұмысын бастайды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Шыны зауыты бойынша жұмыстар ерекше бақылауда. Мердігер компания «Чайна триумф» мамыр айында құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтайды. Маусымда пешті қыздырып, шілде айынан бастап зауыт іске қосылады,- деді Б. Жаханов Парламент Сенатында.
Әкім орынбасарының айтуынша, зауыт жылына 197 мың тонна шыны өндіретін болады.
«Зауыт жұмысына 260 адам жұмылдырылады. Жұмысқа отандық мамандарды кеңінен тарту үшін өңірден 400 түлек ресейлік грантқа ие болып, бүгінде білім алып жатыр», - деді ол.
Өз кезегінде Сенат төрағасы Дариға Назарбаева жаңадан ашылатын зауытта отандық мамандардың тартылуын алға тартты.
Айта кетсек, бүгін ҚР Парламенті Сенатында алғаш рет «Өңірлер күні» жоспары аясында Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған отырыс өтті.
21 ақпан 2020 ж. 218 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области