Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШЫНЫ ЗАУЫТЫ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

ШЫНЫ ЗАУЫТЫ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН


Өткен демалыс күндері Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев шыны зауытының құрылыс алаңына барып, іске қосылатын барлық 4 нысанның құрылыс жұмыстарымен танысты.
Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 17 мердігер компанияда 240-қа жуық адам жұмыс істеуде.
Барлық 4 кешенді іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде:
«Дайын өнім қоймасы» – бірінші кешен бойынша - 85%;
Екінші – «Ішкі темір жол» кешені бойынша - 52%;
Үшінші – «Негізгі цехтар» кешені бойынша - 45%;
Төртінші – «Ішкі инженерлік желілер» кешені бойынша - 7% жұмыс аяқталған.
Бюджеттік қаражат есебінен шыны зауытына қажетті барлық инфрақұрылым жеткізіледі. Бүгінгі таңда газ құбырының екі тармағы, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, электр желілері, жолдар мен байланыс желілері тартылды.
Биылғы жылдың қараша айына дейін темір жолдың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
Бұған дейін айтылғандай, зауыт құрылысының аяқталуы ағымдағы жылдың аяғына жоспарланған. Осыған байланысты облыс әкімдігі құрылысты уақытында аяқтау үшін тиісті жұмыстарды атқаруда.
Айта кету керек, «Чайна Триумф» компаниясы күн батареялары, смартфондар мен планшеттер ( қуаттылығы күніне 250 тонна ультра жұқа шыны өндіретін зауыт) үшін пайдаланылатын өте жұқа әрі ультра мөлдір шыны өндіру үшін жоғары технологиялық зауыт құрылысына инвестор ретінде қосылды.
Жаңа жобаның құны шамамен 150 миллион АҚШ долларын құрайды.
Өнімдердің негізгі артықшылықтары – қалыңдығы 0,15 мм тегіс және оптикалық бұрмалануы төмен шыны болып табылады.
Зауыт құрылысының екінші кезеңінде 500 жаңа жұмыс орнын, ал пайдалануға бергеннен кейін шамамен 150-ден астам тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.
17 қыркүйек 2018 ж. 511 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области