ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 30 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы арқылы жыл басынан бері 41 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 2017 жылдан өтпелі нысан – 33, құрылысы жаңадан басталғаны - 8. Жыл соңына дейін барлығы 30 әлеуметтік нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр, қалған 11 нысан 2019 жылға өтпелі болып отыр. Оған барлық қаржыландыру көздерінен (республикалық бюджет, облыстық бюджет) 27,6 млрд.теңге қаржы бөлінген.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменовтің айтуынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2018 жылы облыс бойынша 69 көппәтерлі тұрғын үйлердің (1747 пәтер – 123,3 мың ш.м.) құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 21 үй (860 пәтер, 70,0 мың ш.м.) жеке құрылыс компаниялары есебінен.
Сонымен қатар, облыс бойынша 40 инженерлік инфрақұрылым жобалары бойынша барлығы 495 шақырым желілер тартылуда.
- 2018 жылдың I-ші жартыжылдығында мемлекеттік пен жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу (бастау) туралы 141 хабарлама түскен. Оның: 63-і бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан құрылыстар (35-і жаңа құрылыс), ал қалған 78-і жеке қаражаттарына салынып жатқан нысандар, - дейді облыс әкімінің орынбасары.
Айта кетейік, облыс көлемінде басқармамен жалпы саны 195 тексеру жүргізілген. Оның ішінде: 83 жоспардан тыс және бақылаудың өзге де нысандарды тексеру бойынша 112 тексеру жүргізіліп, тексерулер бойынша 56 нұсқама беріліп отыр.
Лицензияны қайта ресімдеу, қосымша жұмыс түрін қосу, электронды форматқа көшіру (қалпына келтіруге) және жаңадан лицензия алуға барлығы 190 өтініш келіп түсті, оның 86 өтініші қанағаттандырылған.