ОБЛЫС ӘКІМІ ҚЫТАЙДА БІРҚАТАР КОМПАНИЯ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Бейжің қаласында шыны өнімдерін шығаратын ең ірі кәсіпорындарының бірі «China Triumph International Engineering Co., Ltd» компания басшылығымен келіссөз жүргізілді. Естеріңізге сала кетейік, бұл компания Қызылорда облысында шыны зауытының құрылысын жүргізуде. Зауыт ағымдағы жылдың шілде айында іске қосылмақ.
Сонымен қатар, облыс әкімі Бейжің қаласының Көліктік ситуациялық орталығы мен «Poly» ("China Poly Group Corporation") компаниясының жұмысымен танысты.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Шиелі ауданында цемент зауытын салып жатқан «Гежуба Групп Цемент КО ЛТД» ("China Gezhouba Group Cement Co., Ltd") компаниясы өкілдерімен кездесті.
Одан бөлек, «Cofco» компаниясының басшылығымен томат пастасын шығаратын зауыт құрылысы бойынша әріптестік мәселелері талқыланды, делінген облыс әкімдігі баспасөз қызметінің таратқан мәліметінде.