Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық тұрғындар ауыз судың сапасына шағымданды

Қызылордалық тұрғындар ауыз судың сапасына шағымданды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласына беріліп жатқан ауыз су барлық санитарлық талаптардан өтеді. Сонымен қатар, су жүйелерінің 19 нүктесінен айына 1 рет сынамалар алынып, ауыз су сапасына химиялық және бактериологиялық сараптамалар жасалынады.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында «Қызылорда су жүйесі» МҚК-ның директоры Марат Жамиев мәлімдеді.
«Ауыз су сапасына әрдайым «қалалық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен» бірге тексеру жұмыстары жүргізіледі. Соңғы 3 айда 14 арыз-шағым түсті . Шағымдар ауыз су сапасы бойынша «Арай 2», « Арай 3» мөлтек аудандарынан. Авариялық бригаданың айтуынша, ауыз су қысымы көтерілуінен құбырдың табанында шөгіп жатқан топырақ, құм қалдықтары ауыз суды ластаған. Мекеме тарапынан бұл мәселелені шешу үшін жұмыстар жасалып, ауыз су жүйелеріне залалсыздандыру жүргізілді»,-деді Марат Шахматұлы.
Мұнан өзге, қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін тәулігіне 44,7 текше метр су өндіріледі. Биыл наурыздың бірінен бастап суды таратушы желілер арқылы беру, сарқынды суды бұру және тазарту қызметтерінің тарифі өзгереді.
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі:
Тұрғындар үшін - 40,72
Жылумен жабдықтаушы кәсіпорындар- 66,49
Бюджеттік мекемелер үшін -94,36
Басқа да тұтынушылар (жеке кәсібі бар) үшін -134,42
Сарқынды суды бұру және тазарту қызметі:
Тұрғындар үшін - 43,59
Жылумен жабдықтаушы кәсіпорындар - 72,18
Бюджеттік мекемелер үшін – 111,38
Басқа да тұтынушылар (жеке кәсібі бар) үшін – 121,19
21 ақпан 2020 ж. 233 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области