Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шымкент қаласынан Қызылордаға жауынгерлік тудың көшірмесі жетті

Шымкент қаласынан Қызылордаға жауынгерлік тудың көшірмесі жетті

Kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы И.Панфилов атындағы атақты 8-гвардиялық мотоатқыштар дивизиясы жауынгерлік туының көшірмесі Шымкент қаласынан Қызылордаға жетті.«Біз - Жеңістің мұрагеріміз» атты республикалық әскери-патриоттық эстафетаның символы болған туды ұлықтау рәсімі "Мәңгілік алау" аллеясында өтті.
Қаладағы әскери бөлімдердің офицерлері мен жауынгерлері салтанатты сап түзеп, ардагерлерге құрмет көрсетіп, Отан үшін күрескен жандардың рухына тағзым жасап, мәңгілік алау жанына гүл шоқтарын қойды.
Қазақ жерінде жасақталған дивизия ұрысты Сталинград түбінен бастап, жеңісті Прагада қарсы алған. Қаншама елдімекенді жау қолынан азат етті. Дивизияның 31 жауынгері Кеңес Одағының Батыры атанды.
Аты аңызға айналған дивизияның жауынгерлік туының көшірмесін қабылдап алған 5547 әскери бөлімінің сарбаздары ұлт рухын асқақтататын эстафетаны Атырау қаласына жолдады.



24 ақпан 2020 ж. 239 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области