Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕ ЖАУЫНГЕРЛІК ПАРАДҚА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕ ЖАУЫНГЕРЛІК ПАРАДҚА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

Қазіргі уақытта «Отар» 40-шы әскери базасының аумағында ҚР Қарулы Күштері құрамалары мен әскери бөлімдерінің жауынгерлік техникасы мен жеке құрамы шоғырлануда. «Мәтібұлақ» полигонында Отан қорғаушы күнін мерекелеу қарсаңында армиялық бөлімшелер бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жарақтандандырылған қару мен әскери техниканың заманауи үлгілерін іс жүзінде қолдану мен тактикадағы өз шеберліктерін паш етеді. Психологиялық және саптық даярлық тұрғысында анағұрлым дайындалған әскери қызметшілер санынан кандидаттарды іріктеу ұдайы орналасу пункттерінде өткізілді, ал Жауынгерлік парадтың өткізілу орнында парадтық есептоптарды тікелей қалыптастыру жүзеге асырылуда. Жаттықтырулар барысында парадтық қораптардың сап түзеу тәртібі нақтыланып, парадқа қатысушылармен сәлемдесу тәртібі, туды шығару элементтері пысықталып, сондай-ақ жеке құрамның салтанатты маршпен жүріп өтуі пысықталатын болады. Парадтық есептоптардың күнделікті тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін тұруға арналған барлық қажетті жағдай жасалған далалық лагерь өрістетілді. 2018 жылғы Жауынгерлік парадқа барлығы 3 мыңға жуық әскери қызметші, 300-ден аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника және шамамен 30 бірлік ұшу аппараты қатысады.

Қызылорда облысы қорғаныс істері
жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі
23 сәуір 2018 ж. 1 092 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области