Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МӘМС: Қызылордада 21 520 тұрғын өз статустарын әлі анықтаған жоқ

МӘМС: Қызылордада 21 520 тұрғын өз статустарын әлі анықтаған жоқ

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы 802,3 мың тұрғынның, 471 мыңы, яғни (58,8%) осы 15 категорияға жатады. Өңірде 21 520 тұрғын өз статустарын әлі анықтаған жоқ. Ең қысқа мерзімде аталған тұрғындардың статусын анықтап, жұмысты жүйелендіру керек.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз конференциясында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Эрик Байжүнүсов мәлімдеді.
«2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қызылордалықтар 7,6 млрд теңге қаржы түсірді. Бұл қаржы тұрғындардың денсаулығын сақтауда емдеу ұйымдарына беріліп, сапалы медициналық көмек алуға жұмсалады. Негізінен «әлеуметтік медициналық сақтандыру» деп аты айтып тұрғандай, ең бірінші кезекте әлеуметтік жағдайға баса назар аударылады. Емдеу ұйымдары арасында бәсекелестік орта қалыптасып, әрбір тұрғын қолжетімді медициналық көмекке жүгіне алады. Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің еңбекақысының өсуіне жағдай туғызылады» - деді Эрик Байжүнүсов.
 
«Біздің қазіргі мақсатымыз – әрбір емдеу ұйымының жұмысымен танысып, қажеттіліктерін анықтау. Қосымша ұсыныстарды қарап, медициналық құжаттамаларға электронды толықтырулар жасауды басшылыққа алып отырмыз. Осы уақытқа дейін, Қызылорда облысының солтүстікте орналасқан 3 ауданында болып, тиісті жұмыстардың жүргізілуін көзбен көріп келеміз. Сонымен қатар министрлікке күнделікті ұсыныстарды баяндап отырмыз» - деді ҚР ДСМ Жұртшылықпен байланыс департаменті директоры Ілияс Бакиров.
Мұнан өзге, 2020 жылы Қызылорда облысы денсаулық сақтау саласына 57 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, медициналық көмектің көлемі 25% артып отыр. Соның ішінде, кеңес беру -диагностикалық қызметтер көлемі 6 есеге, стационарды алмастырушы көмек 85%, қалпына келтіру және медициналық оңалту 13 есеге, паллиативті көмек және мейірбике күтімі 2,6 болса, онкогематология 2,4 есеге артты.
Қазіргі уақытта ел тұрғындарының 90% астам (17 млн адам) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысушы болып тіркелді. Оның ішінде 11 млн тұрғын – 15 жеңілдетілген азаматтар категориясына кіреді. Бұл - азаматтар үшін мемлекет төлем жасайды.
25 ақпан 2020 ж. 188 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области