Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 26 ақпан: Ел тарихында орын алған оқиғалар

26 ақпан: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1926 жылы Баку қаласында Бүкілодақтық түркология съезі өтті. Оған түркі халықтарының өкілдері, КСРО Ғылым академиясының, Шығыстану ғылыми қауымдастығының, Украина академиясының, Закавказье шығыстану қауымдастығының мамандары, шетелдік делегаттар, соның ішінде Түркия және Германиядан келген ғалымдар қатысты. Съезде Әзербайжанның латын графикасына көшу тәжірибесінің негізінде Одақтың басқа республикалары мен облыстарында тұратын халықтардың әліпбиін латын жазуына көшіру ұсынылды. Ол үшін жаңа түркі әліпбиінің Бүлкіодақтық орталық комитеті құрылатын болды. Осылайша, араб жазуын қолданып келген түркі халықтарының жазуын латын графикасына көшіру қозғалысы басталды.

1993 жылы ел шекарасының бүтіндігін нақтылайтын «Қазақстан Республикасының мемлекеттің шекарасы туралы» Заң күшіне енді.

1999 жылы Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан,Тәжікстан және Ресей Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы келісімге қол қойды.

2011 жылы ҚР Ұлттық банкі «Ұлы көшбасшылар» сериясымен 100 теңгелік «Тұмар» күміс монеталары мен «Жойылып бара жатқан жануарлар» сериясымен 100 теңгелік гауһар тастары бар «Қарақал» монеталарын шығарды.

2015 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін сақтауға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға үлес қосқан ҚР және шетел азаматтарын ынталандыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын тойлау аясында «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді.
26 ақпан 2020 ж. 191 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области