Сырдария ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды
Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданы әкімінің 2020 жылғы 14 ақпандағы №50-Ө Өкімімен Нұртазаев Талғат Мейрамханұлы Сырдария ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.Еңбек жолын 2006 жылы Сырдария ауданы Қалжан ахун ауылдық округі әкімі аппаратында салықшы қызметінен бастаған. 2007-2014 жылдары Сырдария аудандық қаржы бөлімінің инспекторы, бас маманы, 2014 жылдан осы уақытқа дейін Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының бақылаушысы, мемлекеттік аудиторы жауапты қызметтерін атқарып келген.

























