Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 27 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар

27 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар


Үкіметтік емес ұйымдардың бүкіләлемдік күні
Британиялық әлеуметтік кәсіпкер Марцис Скадманистің бастамасымен, үкіметтік емес ұйымдардың маңыздылығын көрсету және коммерциялық емес, мемлекеттік және коммерциялық секторлар арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында белгіленген.

Халықаралық ақ аю күні
Аталмыш табиғат мерекесі туралы бастаманы ақ аюларды қорғаумен айналысатын халықаралық Polar Bears International (PBI) ұйымы көтерген болатын. Бұл мерекенің мақсаты - ақ аюлар туралы ақпаратты бұқараға кеңінен насихаттап, оларды қорғауға қоғамның назарын аудару. Әсіресе, бұл мереке ақ аюлар мекендейтін Ресей, Норвегия, Гренландия, АҚШ және Канада елдері үшін маңызды.

2004 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы құрылды.

2013 жылы Астанада коллекционерлерге арналған «Абай» эксклюзивті кітабының таныстырылымы өтті. Ол небәрі 20 данамен шығарылған. Әр беті күмістен ұлттық оюлармен өрнектеліп, таза теріден жасалған.

2014 жылы Қазақстанда 2014 жылдың соңына дейін шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды. Тиісті Жарлыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.
27 ақпан 2020 ж. 231 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области