Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдария ауданында «Көктем - 2020» оқу-жаттығуы өтті

Сырдария ауданында «Көктем - 2020» оқу-жаттығуы өтті

Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында «Көктем - 2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті.
Оқу-жаттығу барысында аудан әкімдігінің, азаматтық қорғау қызметтерінің қажетті арнайы техникаларының дайындығы мен инертті материалдарының нақты көлемдері түгенделіп, олардың қауіпті учаскелерге шоғырландырылуы тексерілді.
Сонымен бірге Қалжан ахун елді мекенінің тұсындағы «Сырдария» өзенінің осал аумағында жоғарыда көрсетілген қызметтердің жалпы дайындығы және Қалжан ахун, С.Сейфуллин ауылдық округтеріндегі эвакуациялық жинақтау пункттерінің әзірліктері пысықталды.
Жалпы, ауданда су тасқынының алдын алуда материалдық-техникалық қор жасақталған. Атап айтқанда, 6500 дана қап, 30 дана күрек, 500 дана фашин, 700 дана қамыс бау және 200 дана қада жинақталып, «Сырдариясушар» өндірістік учаскесі мекемесінің қоймасында сақтаулы тұр. Сонымен қатар 2 тонна бензин және 4 тонна дизель отыны қажет болған уақытта алуға «Угольсбыт» ЖШС-мен келісімшарт жасалған.
Төтенше оқиға туындағанда тұрғындарды ақпараттандыру үшін аудан бойынша 3 дабыл қағу бекеті бар. Олар, Тереңөзек кентіндегі аудандық құрылыс бөлімі мен агроколледж ғимаратында болса, біреуі Қалжан ахун ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан.
27 ақпан 2020 ж. 195 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области