Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Министр мұғалімдердің жалақысын кешіктіргендерді жауапкершілікке тартуды тапсырды

Министр мұғалімдердің жалақысын кешіктіргендерді жауапкершілікке тартуды тапсырды

Kyzylorda-news.kz. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің жалақысын кешіктіргендерді тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды. Бұл туралы министрліктің аппараттық кеңесінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің айтуынша, кей өңірлерде педагогтер өз жалақыларын толық әрі уақытылы ала алмай отыр. Осыған орай, ведомства басшысының тапсырмасына сәйкес, апта соңына дейін барлық аймақтарда қызметтік тексеріс жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады.
«Жалақы төлеуде не себепті кешіктірулер тіркеліп жатыр? Министрліктің комитеттері әр өңірде тексеріс жүргізуі тиіс. Мән-жайды анықтап, жауаптыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту керек. Мәселені бақылауда ұстаңыз», – деді Асхат Аймағамбетов вице-министр Бибігүл Асыловаға қарата айтқан сөзінде.
Айта кетсек, жалақыны есептейтін онлайн-калькулятор іске қосылғалы бір ай ішінде мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің өкілдері шамамен 1 500 000 рет жалақыларын өздігінен есептеп, тиісті қаражатын анықтаған.
27 ақпан 2020 ж. 311 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области