Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛ ТІЛЕГІ ӘРДАЙЫМ ЕСКЕРІЛЕДІ

ЕЛ ТІЛЕГІ ӘРДАЙЫМ ЕСКЕРІЛЕДІ


    Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдындағы есептік кездесуі өтіп жатыр.
     Қазалы ауданы бойынша кезекті есепті жиын үстіміздегі жылдың 15-31 қаңтар аралығында өткізіледі.
     Кеше осыған орай аудан әкімі М.Ергешбаевтың Алға, Ақжона, Майдакөл ауылдық округтерінде өткен есепті жиынында 2017 жылғы жеткен жетістіктер мен атқарылған жұмыстардың барысы баяндалды.
     Былтыр аудан бойынша барлығы 17355 га жерге ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылған. Егілген егістіктен межеленген өнім алу мақсатында шаруашылықтар күріш егісінің 6240 гектарына үстеп қоректендіру, 5550 гектарына күріш егісінің арам шөптеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізген. Күріш егісіне 1856,7 тонна тұқым пайдаланылды.
    Машина-трактор паркін жаңалау мақсатында аудандық бюджеттен 60 млн. теңге бөлініп, 18 дана ауылшаруашылығы техникалары мен жабдықтары (6 МТЗ трактор, 3 дәнсепкіш, 6 тіркеме,3 соқа) сатып алынған. Сонымен қатар, өз қаржысы есебінен «Жеңіс» шаруақожалығы 6,6 млн теңгеге, «Руслан» шаруа қожалығы 2,6 млн теңгеге, «АржиковЕркин» шаруа қожалығы 7,1 млн теңгеге, «Сыр Маржаны 13,1 млн. теңгеге, «Жалаңтөс батыр» ЖШС 18,5 млн. теңгеге 5 дана ауыл шаруашылығы техникасын алды. «Жалаңтөс батыр» ЖШС техника алумен қатар, өз қаржысы есебінен 11,1 млн теңгеге күріш ақтау агрегаты тұратын цех ғимараты құрылысын салды.
    Жиын соңында округтегі көкейтесті мәселелер бойынша ауыл тұрғындары аудан және ауыл әкіміне өз сауалдарын қойды. Қойылған сауалдардың дені әлеуметтік тұрмыс жағдайына бағытталған.

18 қаңтар 2018 ж. 687 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области