Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА


    ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы Жарлығына сәйкес Шіркейлі ауылдық округінде есеп беру жиыны өтті.
    Жиынға облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Нұрманов, облыстық мәслихат депутаты Жанарбек Нұрымбетов, аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
     Есеп беру кездесуінде аудан әкімі Ғанибек Қазантаев жыл бойы атқарылған жұмыстардың есебін беріп, баяндама жасады. Жоспарлар артығымен орындалғанын жеткізген аудан басшысы 2016-2020 жылдарға арналған "Даму" бағдарламасы аясында ауданда 2,7 млрд.теңгені құрайтын 64 жоба жүзеге асқанын атап өтті. Сонымен бірге, 39 ауылшаруашылығы кооперативі құрылғанын айтып, көш басындағы ауданның келешегі кемел екеніне тоқталды.
    Есеп беру жиынында Шіркейлі ауылының әкімі Талғат Құламқадіров пен ауылдық учаскелік полиция инспекторының 2017 жылы атқарған есебі тыңдалды. Сонымен бірге, облыс бойынша кәсіпкерлік саласын өркендетуге ерекше басымдық берілуіне байланысты аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Л.Қозыбаева мен Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.Әбдіхалықов қосымша хабарлама жасады.
     Есеп беру жиынында ауыл тұрғыны Б.Синаева сөз сөйлеп, атқарушы билік өкілдерінің есебіне жоғары баға берді.

18 қаңтар 2018 ж. 739 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области