Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 8 наурызда әйелдерге үш доллардан беріледі

8 наурызда әйелдерге үш доллардан беріледі

Kyzylorda-news.kz. Халықаралық әйелдер күніне орай Түрікменстан әйелдеріне үш доллардан ақшалай сыйлық беріледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы 27 ақпанда Үкімет отырысында мәлім болды. Мұндай тапсырманы президент Гурбангулы Бердімухамедов экономика және қаржы жөніндегі вице-премьер Гадыргелді Мушшиковқа берді.
Түрікменстан әйелдері халықаралық әйелдер күніне орай 60 манат (елдің ақша бірлігі) көлемінде ақшалай сыйлық алады. Бұл қара нарықтың бағамы бойынша шамамен үш долларға тең.
Ақша жұмыс істейтін әйелдер мен оқушыларға, сондай-ақ зейнетақы мен жәрдемақы алатындарға беріледі. Сыйлық балабақшаға бармайтын қыздарға және үш жасқа дейінгі балалары жоқ жұмыссыз әйелдерге (балаға арналған жәрдемақы алмайтындарға) берілмейді. Бұл оларға ақшаның жалақы, жәрдемақы немесе зейнетақы беретін ұйымдардың бюджетінен бөлінуіне байланысты.
28 ақпан 2020 ж. 241 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области