Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің үздік мұғалімдері анықталды

Қызылордадағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің үздік мұғалімдері анықталды

Kyzylorda-news.kz. Нұр-Сұлтанда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дәстүрлі «Үздік мұғалім – 2020» кәсіби байқауы аяқталды. Елордаға аймақтық турлар жеңімпаздары – пән мұғалімдері келді.
Зияткерлік мектептердің үздік педагогтері оқытудың жаңа стратегияларын, көшбасшылық әлеуетін, IT-ресурстары мен сыни ойлауды қолдануды, ата-аналармен және оқушылармен ынтымақтастық орнатудың табысты алгоритмдерін және өзге де жетістіктерін көрсетті.
Үй тапсырмасы ретінде әзірленген «Оқушылармен тілдесу» және «Ата-аналармен тілдесу» бейнефильмдері мұғалімнің басым дағдылары: тыңдай және ести білу, педагогикалық мәселені тұжырымдай және шеше білу, ынтымақтастық және сенім ахуалын қалыптастыра білуге бағытталды. Әрбір қатысушы Нұр-Сұлтан қаласына «Менің педагогикалық ұстанымым» атты дербес көрмесін ала келді, сондай-ақ «Мен – тұлғамын, мен – мұғаліммін» тақырыбындағы танысқысын дайындады. Олар елордасындағы физика-математика бағытындағы мектепте ашық сабақтар өткізіп, шешендік өнер бойынша әділқазы алқаларының тапсырмасын орындады, «Педагогикалық жағдаят» рөлдік ойынына қатысты.
Қазылар алқасының төрайымы Светлана Испусинова «Жыл мұғалімі» басты кәсіби байқауының жеңімпаздары мен лауреаттарын таңғажайып жетілік деп атады.
Байқаудың бас жүлдесі Нұр-Сұлтанда қалды – халықаралық бакалавриат мектебінің химия пәні мұғалімі Динара Бейсембаева NIS жүйесіндегі 2020 жылдың үздік оқытушысы атанды.
Көкшетау НЗМ ағылшын тілі мұғалімі Камиля Рахымжанова бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынға петропавлдық Дина Құдабаева лайық деп танылды, ал үздік үштікті ақтөбелік Мират Оспанов түйіндеді.
Сонымен қатар Орал қаласынан Борис Зеленов, Өскеменнен Рүстем Қабдыкәрімов, Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы мектептен Оралхан Омаров лауреат атанды.
Светлана Испусинова мұғалімдердің кәсіби деңгейінің жоғарылағанын және нәтижелерді қорытындылау кезінде ұпай айырмашылығы аз болғанын атап өтті. Қазылар алқасы құрамында Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінің барлық орталықтарының өкілдері болды, олар іс жүзінде отандық білім беру жүйесіндегі басты әдістемелік институттардың бірі болып саналады, бұл конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптардың жоғары деңгейін растайды.




02 наурыз 2020 ж. 167 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области