Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арал ауданында «Сыбаға» бағдарламасы нәтижесін беруде

Арал ауданында «Сыбаға» бағдарламасы нәтижесін беруде

Kyzylorda-news.kz. Шағын және орта бизнесті еліміздегі етті мал шаруашылығын дамытуға жұмылдыру, етті бағыттағы мал басының үлесін арттыру және одан алынатын өнімдерді экспортқа шығару мақсатындағы Үкімет арнайы «Сыбаға» бағдарламасының көпке көмегін тигізуде.
Өткен жылы Арал ауданына 240 бас мүйізді ірі қара малын шет елден сатып алу жоспары берілген еді. Соған орай ауданнан бірнеше шаруа қожалығы мал алуға ниет білдіргенімен, түрлі себептерге байланысты шет елден мал алынған жоқ.
«Арал қаласынан жеке кәсіпкер Әсел Мырзаханова «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ға 100 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын сатып алуға 46 миллион теңге несие алу үшін құжаттарын толықтай тапсырып, қазіргі кезде кепілге қоятын мүліктерін рәсімдеуде. Сондай-ақ өткен жылы 7800 бас қой сатып алу жоспарланып, аудан бойынша 15 шаруашылық 2366 бас қой сатып алуға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Арал ырысы кредиттік серіктестігі» ЖШС арқылы несие алып, қой малын сатып алды», - дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Абзал Құдайбергенов.
02 наурыз 2020 ж. 457 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области