3 наурыз күні ауа райы қандай болады
Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК мамандары 3 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты.
Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстік, шығыс және оңтүстік аймақтары циклон ықпалында болғандықтан, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейеді.
Республиканың орталығы мен шығысында жаяу бұрқасын соғады. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын көтеріліп, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел қарқыны - 15-20 м/с. Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Түнде Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жетеді.