Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда поштаны дронмен тасымалдаудың даму қарқыны қандай?

Қазақстанда поштаны дронмен тасымалдаудың даму қарқыны қандай?

Kyzylorda-news.kz. «Қазпошта» АҚ атқарушы директоры Дәурен Тұрысбеков дронмен жүк тасымалдау бағытын дамыту жөнінде түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Үш жыл бұрын біз шалғай елді мекендерге поштаны дронмен жеткізуді бастадық. Аталған жобаны іске асыру жалғасуда. Дегенмен бұл жоба көктем мен күз аралығын іске асырылады. Қалған кезеңде (қыс мезгілінде көлікпен) күнделікті логистикалық бағдармен жеткізіледі», - деді Дәурен Тұрысбеков.
Оның сөзіне қарағанда, аталған қызметті аутсорсингтік компания атқарады. «Қазпошта» компаниясымен олар шартқа отырғаннан кейін, тиісті қызметті жүзеге асырады. Негізінен, бұл қызмет Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында көрсетіліп келеді.
«Дрон хаттар мен газеттерді тасымалдайды. Аталған қызметті көрсету жалғаса береді, себебі жоба айтарлықтай жақсы қарқынмен іске асырылуда. Бізге шалғай елді мекендерге поштаны дрон арқылы тасымалдау тиімдірек. Сондықтан қызметтің осы түрі кеңейтіледі», - деді «Қазпошта» өкілі.
03 наурыз 2020 ж. 154 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области