Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жол апатынан үш адам қаза тапты

Қызылордада жол апатынан үш адам қаза тапты

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасы орын алды. Қайтыс болғандар бар, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың 4 наурызында сағат 00:30 шамасында «Қызылорда-Жалағаш» тас жолының Сырдария ауданы, Қалжан Ахун ауылы тұсында
«Ваз-21214 Нива» маркалы автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Опель Вектра» автокөлігіне соқтығысқан. Салдарынан үш адам қайтыс болды, бес адам жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілді.
«Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен (Абайсызда екі адамның немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Мән-жайы анықталуда», - делінген полиция департаментінің таратқан хабарламасында.
04 наурыз 2020 ж. 207 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области