Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ералы Тоғжанов намазды далада оқу туралы: Бас имамдар шешім қабылдауы керек

Ералы Тоғжанов намазды далада оқу туралы: Бас имамдар шешім қабылдауы керек

Kyzylorda-news.kz. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа байланысты мешіттерде оқылатын намазды далада оқу ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Үкімет отырысында мешіттер, сауда орталықтары сынды көп адам жиналатын жерлерде коронавирустан алдын алу шараларын, тазалық сақтау, дезинфекция мәселелерін қолға алу туралы нақты тапсырмалар берілді. Мешіттерге айтылған ұсыныс бойынша бас имамдардың өздері шешім қабылдауы керек. Ашығын айтқанда, Алланың алдында ниет қылу мешіттерде ғана емес, әрбір азамат үйінде де немесе өзіңіз айтқандай ашық аспан астында да ниет қыла алады. Бұл – әрбір азаматтың өз құқығы. Дегенмен, адам көп жиналатын жерлерде бұл мәселені ескеруіміз керек. Оңтүстік Кореядағы коронавирустың тарауына діни орындар да ықпал етті. Соны да ескеруіміз қажет және азаматтарды сақтандыруға тиіспіз», - деп жауап берді Е. Тоғжанов Үкімет үйіндегі брифингте журналист сауалына.
04 наурыз 2020 ж. 253 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области