Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жолсеріктердің құқық бұзғаны анықталды

Қызылордада жолсеріктердің құқық бұзғаны анықталды

Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы «Адал жол» жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша өткен баспасөз мәслихатында арнайы мониторинг тобының жетекшісі Ләззат Бақтыбаева мәлімдеді.
Баспасөз мәслихатына департамент басшысының бірінші орынбасары Б. Ниязов, Көліктік бақылау инспекциясының орынбасары Г. Пірназарова және «Адал жол» жобасы аясында жұмыс жасайтын Арнайы мониторингтік топ мүшелері, «Номадас» ЖШС, «Марал-Нұр» ЖШС, ««Арлан Транс» ЖШС басшылығы мен жолаушылар көлігіне жауапты басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.
Арнайы мониторинг тобының жетекшісі Ләззат Бақтыбаева алдағы уақытта жолаушылар пойызына жауапты тұлғаларды кемшіліктерді болдырмауға, нақты шаралар қабылдауға шақырды.
- «Адал жол» жобасы аясында құрылған топ мүшелерінің қатысуымен темір жол көліктеріне 8 рет рейдттік шаралар жүргізілді. Темір жол көлігіне билетсіз мінген 5 жолаушы анықталды. Жолсеріктерге қатысты көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп 8 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімделді. Әр-түрлі техникалық 15 кемшіліктер анықталып отыр», - дейді мониторинг топтың жетекшісі.
Сонымен қатар, департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов жолаушылар тасымалымен айналысатын вагондардың тозығы жеткені, сервистік қызмет көрсету бойынша кемшіліктердің көп екендігіне атап өтті.
Көліктік бақылау инспекециясы басшысының орынбасары Г.Пірназарова, жолаушылар тасымалына байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістердің маңыздылығын түсіндірді.
Брифинг соңында департаменттің бас маманы Н.Жакудаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, аталған нөмірге қоңырау шалу тегін және сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген құқық бұзушылық бойынша түскен хабарламалар міндетті түрде қараладығын хабарлады.
04 наурыз 2020 ж. 196 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области