Қызылордада ауыр жүк тасығыш көліктер қозғалысы уақытша шектеледі
Kyzylorda-news.kz. Көктемде тасжолдардың конструктивтік элементтерінің жүк көтеру мүмкіндігі төмендейтіндіктен жеке білігіне 8 тоннадан аса жүктеме түсіретін жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
Өңірлердің табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты шектеу түрлі уақытта енгізіледі.
Атап айтқанда, 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында және Қарағанды облысының Жезқазған өңірінің жолдарында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.
23 наурыз бен 1 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының жолдары ауыр жүк тасығыш көліктердің қозғалысы үшін жабық болады.
Айта кету керек, көктемде қозғалысты уақытша шектеудің халықаралық келісімдерге сәйкес жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға қатысатын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін, тамақ өнімдерін, жолаушылар мен қолжүгін, сондай-ақ дәрі-дәрмектер тасымалдайтын автокөлік құралдарына қатысы болмайды.