7 өңірде үсік жүреді - Қазгидромет
Kyzylorda-news.kz. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 21 мамыр күні жаңбыр күтіледі. Тек батыста және және оңтүстік-батыста күн райы ашық болады. Кей жерлерде жел күшейіп, найзағай, тұман, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Қостанай облыстарында, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында түнде, Жамбыл облысында күндіз кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз желдің күші 23-28 м/с артуы мүмкін.
Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Маңғыстау, Павлодар облыстарында, күндіз Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында найзағай күтіледі.
Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде 1-6 градусқа дейін, Қостанай және Қарағанды облыстарында -3 градусқа, Ақтөбе облысында -1 градусқа дейін суытады. Батыс Қазақстан облысында топырақ бетінде -1 градус үсік жүреді.
Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.