Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 20 мамыр күні Қазақстанның бірқатар аймақтарында жауын жауады

20 мамыр күні Қазақстанның бірқатар аймақтарында жауын жауады

Kyzylorda-news.kz. Дүйсенбі күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.

Тек батыста, оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей аймақтарында найзағай, тұман түсіп, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстікте кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.
Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, түнде Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, Қарағанды облысында тұман түседі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с артады.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал.
Қостанай облысында кей жерлерде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с артады.
Жамбыл, Түркістан облыстарында таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Павлодар облысының кей жерлерде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 18 м/с артады.
Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде үсік күтіледі 1-3 градус.
Қызылорда, Түркістан облыстарында кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

20 мамыр 2019 ж. 428 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области