Бейсенбі күні еліміздің басым аймағында тұрақсыз ауа-райы сақталады
Kyzylorda-news.kz. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, дауыл, бұршақ түсіп, батыс өңірде – шаңды дауыл күтіледі.
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын түседі, тек солтүстікте, солтүстік-батыста және оңтүстік-батыста – ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz"Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.
Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, дауыл, бұршақ түсіп, батыс өңірде – шаңды дауыл күтіледі.
Жамбыл, Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, Жамбыл, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақтөбе облысында кей жерлерде жел 18 м/с күшейеді. Атырау облысының басым бөлігінде күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі.