Бұршақ, найзағай, көктайғақ, жауын, тұман - дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
15 сәуірде Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz
ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, найзағай, бұршақ күтіледі, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді.
Павлодар, Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, найзағай, бұршақ күтіледі, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, найзағай күтіледі, таңертең және күндіз шаңды дауылмен жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғуы ықтимал.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, мүмкін бұршақ күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының күндіз Жалаңашқал ауданында жел 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, түнде Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Жамбыл облысында найзағай жарқылдайды.