29 наурыз күні жел күшейіп, оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін
Қазгидромет 28 наурыз күнгі ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz
ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, оңтүстіктің кей жерлерінде нөсер жаңбыр күтіледі. Тек республиканың оңтүстік-шығысында күн ашық болады. Кей аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Жел күшейеді. Оңтүстікте найзағай жарқылдап, дауыл соғады. Бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде облыстың басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында тұман, шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай жарқылдайды. Күндіз кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с болады.
Түркістан облысында таңертең және күндіз найзағай жарқылдайды, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан мен күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел екпіні 15-20 м/с болады.
Павлодар, Маңғыстау обылстарында, түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде көктайғақ болуы ықтимал.