Дүйенбі күні Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа-райы сақталады
Оңтүстікте найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ болуы ықтимал.
Синоптиктер 1 сәуір күні еліміздің аумағында болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz
Zakon.kz- ке сілтеме жасап.
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын, оңтүстіктің кей жерлерінде қатты жауын-шашын түсіп, тек батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ болуы ықтимал.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 жетіп, облыстың оңтүстік-шығысында 30 м/с жөне одан жоғары болуы ықтимал.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, бұршақ болуы ықтимал, түнде жел 15-20, екпіні 25, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ, кей жерлерінде түнде желдің күші 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі мүмкін.
Манғыстау, Қостанай, Қарағанда облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде тұман күтіледі.
Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі.