ДҮЙСЕНБІ КҮНІ ҚАЗАҚСТАНДА ҚҰБЫЛМАЛЫ КҮН РАЙЫ КҮТІЛЕДІ

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, дауыл, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 23-28 м/с жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман болып, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с артады, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстанда дауыл тұруы ықтимал.
Алматы, Павлодар облыстарында кей жерлерде найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы облысында тұман болжанады.
Жамбыл облысында желдің күші 23 м/с жетеді, таңертең және күндіз найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін.
Түркістан, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Ақтөбе облыстарындың кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шаңды дауыл тұрады. Қызылорда облысында түнде және таңертең найзағай болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с артады.
Маңғыстау облысында күндіз найзағай болады.
Сондай-ақ Алматы, Атырау облыстарында, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.
Бұдан бөлек, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.