Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ҚҰБЫЛМАЛЫ АУА РАЙЫ САҚТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ҚҰБЫЛМАЛЫ АУА РАЙЫ САҚТАЛАДЫ


Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды; жел күшейіп, дауыл соғуы, бұршақ жаууы ықтимал. Тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-25 м/с болып, күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. Қарағанды, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі.
Күндіз Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында қатты ыстық түседі, кей жерлерінде күн өте қатты ысиды. Маңғыстау, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
27 маусым 2018 ж. 636 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области