Қазақстанда 7 мың ескі көлік қайта өңделді
Kyzylorda-news.kz. Қарағандыда ескі көліктерді кәдеге жарататын зауыт жыл басынан бері жеті мың көлікті қайта өдеп шығарды, деп хабарлайды Stan.kz.
Кәсіпорында тәулігіне 200 көлікті ұнтақтап, қара және түсті металлдан өзге де шикізат ажыратды екен. Содан кейін көліктердің қаңқасы балқыту цехына жіберіледі.
Ел ішінде тозығы жеткен темір тұлпарлар өте көп. Сондықтан зауыт жұмысы қарқынды, жұмысшылар үш ауысыммен істейді. Облыс төңірегінде 18 қабылдау бекеті бар: онда көліктерді 150 мың теңгеге сатып алады. Бастысы - тапсырылатын көлік зауыт талаптарына сай болуы.
"150 мыңдай автокөлік Қазақстан көліктерінде жоқ деуге болады. Мысалы қазір сертификаттар тапсырылады, бұл анықтамасы бар адамдарға жеңілдікпен несие беріледі. Жеңілдік төрт пайыздық көрсеткішті құрайды. Бұл жағдай қазақстандық автотасымалдаушы мен өндірушілерге өз пайдасын тигізуде", - деді зауыттың өндіріс жөніндегі директоры Лұқман Мажеев.
Десек те бүгінгі күні елді алаңдатқан автокөлік тақырыбындағы басты мәселе шетелдік нөмірі бар темір тұлпарды тіркеу болып отыр. Осыған байланысты шетел нөмірлі көлік иелері Нұрлан Нығматуллинге жарыса үндеу жариялағаны айтылған еді.