Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Медициналық бетперделерді қымбатқа сатып жатқан алыпсатарларға қандай жаза қолданылады?

Медициналық бетперделерді қымбатқа сатып жатқан алыпсатарларға қандай жаза қолданылады?

Kyzylorda-news.kz. Коронавирус инфекциясы жайлы шу шыққалы бері медициналық масканы жаппай сатып алып, қымбатқа өткізіп жатқан алыпсатарларға қандай шара қолданылады? ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жауап берді.
«Медициналық маска бойынша отандық өндірушілер тәулік бойы жұмыс жүргізіп жатыр. Маскалар екі бағыт бойынша өндірілуде: біріншіден медициналық және санитарлық, полиция және шекаралық қызметкерлерге «СК-Фармация» арқылы сатып аламыз. Екіншіден жеке дәріханаларға маскалар дистрибютор арқылы жеткізіледі. Сонымен қазір карантинге жатқан азаматтардың саны көбейгендіктен, біздің медицина саласындағы маскалар мен басқа да құрылғыларға деген қажеттілік көтеріліп келеді. Біз зауыттардан маскаларды аламыз. Қалғандары дәріханаларға жөнелтілуде», - деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша медициналық маска бойынша жұмысты үйлестіретін арнайы штаб та құрылған.
«Қай қалада тапшылық жоғары, сол жаққа жіберіп жатырмыз. Қазір бүкіл зауыттар тәулік бойы жұмыс істеуде. Тапшылық болса да ол ұзаққа бармайды деп сенеміз. Көп жағдай халықтың түсінігіне байланысты. Дәріханаларға салсақ, қазір бәрін сатып алады. Одан кейін ауруханаларда науқастарды қалай емдейміз? Медициналық қызметкерлерде сондай қорғау құралдары болмаса инфекция тез тарайды. Сондықтан ең біріншіден медициналық қызметкерлерге, пациенттер жатқан ауруханаларға маскалар керек», - деді ол.
Елжан Біртанов өз сөзінде инфекция болмаса масканы тағудың қажеті жоқтығын тағы да еске салды.
«Олардың да (алыпсатарлардың – авт.) мәселесі белгілі. Кеше де, бүгін де құқық қорғау органдарына арнайы тапсырма берілді. Мысалы кеден органдарына да тиісті жүктемелер беріліп отыр. Шекара қызметкерлері көп көмектесуде. Контрабанда болса тоқтатып, ұстап, тиісті ақпараттарды бізге жолдайды. Жалпы біздің негізгі мақсатымыз – экспортқа жібермей, бүкіл масканы дәріханаларға тарату», - деді ол.
09 наурыз 2020 ж. 243 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области