Елімізде 11-16 наурызда коронавирус тіркелуі мүмкін – Бекшин
Kyzylorda-news.kz. Бірақ бұл – бас санитардың болжамы ғана. Болмауы да мүмкін.
Қазақстанда коронавирус тіркелген жағдайда мектептер карантинге жабылуы мүмкін.
«Біздің болжамымыз бойынша елімізде 11-16 наурызда коронавирус тіркелуі мүмкін. Бірақ бұл – болжам. Плюс-минус бір апта. Коронавирус анықталса, бірден арнайы шараларды қабылдаймыз. Бірақ ешкім сабақты дистанциялық оқуға жібермеуге тыйым сала алмайды», - деді еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин.
Спикердің айтуынша, дистанциялық оқуға көшуді Білім және ғылым министрлігі шешеді.
«Білім министрлігі тиісті ұсыныстарды әзірлеп қойды. Олар бүгін не ертең білім мекемелеріне түсуі керек. БҒМ мемлекеттік орта, колледждер және ЖОО-ларды бақылауға алады. Оларда тиісті ұсынымдар дайын... Егер мектептерде дистанциялық оқуға техникалық жабдық болса және тиісті министрлік сондай үкім шығарса, олар дистанциялық оқуға көше алады», - деді бас санитар Жандарбек Бекшин Орталық коммуникаиялар қызметіндегі коронвирусқа байланысты брифинг барысында.
Естеріңізге сала кетейік, медициналық мекемелерге карантинге жатқызылған жағдайда оларға денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз парағы берілетіндігі туралы айтылған еді.