Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қолды жиі жуу денсаулыққа зиян - дәрігер

Қолды жиі жуу денсаулыққа зиян - дәрігер

Kyzylorda-news.kz. Мамандар қолды жиі жуу зиянды болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Аллерголог-иммунолог Алексей Бессмертный тұмау маусымы кезінде қолды жиі жуу қажеттілік екенін жеткізді. Алайда арнайы гигиеналық құралды тым жиі қолданудың кері әсері болуы мүмкін.
Мамандар сабынды күніне сегіз реттен артық қолданбауға кеңес берді
"Жуынуға арналған құралдарды күніне алты-сегіз реттен артық қолдану зиян. Өйткені бұл ағзаны инфекциялардан қорғайтын тері қабатын жояды. Бұған қоса, тері бұзылады", – деді Бессмертный.
Арнайы құралдар көмектесе ме?
Мамандар антисептикалық гель мен спрейдің айтарлықтай пайдасы жоқ екенін айтып отыр.
Дәрігер америкалық педиатрия академиясының зерттеуін мысалға келтірді. Зерттеу қорытындысына сәйкес, антисептиктер дымқыл майлық сияқты қолдың кірін кетірмей, керісінше, езіп қояды.
Қолды қалай жуу керек
Қол таза болуы үшін дәрігерлер сабынды күніне сегіз реттен артық қолданбауға кеңес берді. Сондай-ақ, сабын қолданғаннан гөрі таза сумен шайған жөн. Бұл терінің қорғаныс қабатын сақтауға мүмкіндік береді.
11 наурыз 2020 ж. 264 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области