Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Дәрігер адамды өлтіретін азық-түлікті атады

Дәрігер адамды өлтіретін азық-түлікті атады

Kyzylorda-news.kz. Маманның айтуынша, бүкіл адамға зиян тек бір ғана азық-түлік бар. Бірақ қазір бұл туралы көп айтылмайды, деп хабарлайды Sputniknews.kz.
Ресейлік дәрігер-диетолог, медициналық ғылымдар докторы, профессор Алексей Ковальков адам денсаулығы үшін аса қауіпті азық-түлікті атады.
Дәрігер испан ғалымдары жасаған денсаулыққа қауіпті азық-түліктер тізіміне қатысты өз пікірін білдірді.
Шетелдік мамандар ішетін тағамыңыздан тазартылған ұн, шұжық өнімдері, майсыздандырылған сүт өнімдері және жартылай дайын өнімдерді алып тастауға кеңес береді.
Алексей Ковальковтың пайымынша, қатып қалған тізім жоқ. Мәселен, шұжықты үйде консервантсыз және дәмді күшейткіштерді қоспай әзірлеуге болады, сонда оның ағзаға зияны болмайды. Сүт өнімдерінің де сапаты әртүрлі болады: ірімшік пальма майынан болмаса табиғи сүттен дайындалуы мүмкін.
Дәрігердің айтуынша, бүкіл адамға зиян тек бір ғана азық-түлік бар.
"Адамдарды өлтіретін бір азық бар, ол – қант. Қазір адамдар қантты өте көп жейді. Бірақ бұл туралы ешкім айтпайды, өйткені бұл алып индустрия", - деді ол.
Алексей Ковальков соңғы уақытта қант диабетіне шалдығу жиілеп кеткенін атап өтті. Көп адам артық салмақ проблемасымен арпалысып жүр, бауыры ауыратындар да аз емес.
03 қараша 2019 ж. 357 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области