Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТҮРІКМЕНСТАНДА БІР АДАМҒА БІР КЕЛІ ҰН, ЖАРТЫ КЕЛІ ҚАНТТАН ҒАНА САТЫЛЫП ЖАТЫР

ТҮРІКМЕНСТАНДА БІР АДАМҒА БІР КЕЛІ ҰН, ЖАРТЫ КЕЛІ ҚАНТТАН ҒАНА САТЫЛЫП ЖАТЫР


    28 ақпаннан бастап Ашхабадта мемлекет бақылайтын дүкендерде ұн, қант секілді азық-түлікке шектеу енгізілген
    Нақты кезеңде Түрікменстанда азық-түлік тапшылығы сезілуде. Дүкендерде ұзын-сонар кезек көбейген. Ал бұл уақытта мемлекеттік телеарналар елде молшылық пен береке екенін айтып жатыр, деп хабарлайды centralasian.org.
    Өткен айдың соңынан бастап Ашхабадта мемлекет бақылайтын дүкендерде ұн, қант секілді азық-түлікке шектеу енгізілген. Қазіргі кезде бір адамға бір келі ұн мен жарты келі қанттан артық сатылмайды екен. Ал осыған дейін бір адамға бес келі ұн мен бір келі қант сатылып келген.
    "Ашхабадтықтар таңғы алтыда тұрып, мемлекеттік дүкендердің алдында кезекке тұрады. Өйткені, шектеулерге қарамастан азық-түлік тез таусылып қалады", - дейді аты-жөнін құпия ұстауды жөн көрген Ашхабад тұрғыны.
    Оның сөздерінше, шектеу қойылған тауарларды сатып алу үшін сатушылар ең алдымен құжат сұрайды екен. Кәмелетке жасы толмағандарға мүлдем тауар бермейді. Оның себебін сатушылар түсіндірмейді.

08 наурыз 2018 ж. 1 647 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области