Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ


    Жамбыл облысы Тараз қаласында самбодан 2000-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өткен ҚР чемпионатында Сыр спортшылары 11 медаль иеленді. Жерлестеріміз 5 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте екінші орынды еншіледі.
    Жарысқа Астана, Алматы қалаларынан және облыстардан 400-ге жуық самбошылар қатысып, өзара үздіктерді анықтады.
    Самбодан жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Дархан Сержановтың айтуынша, жеңімпаз атанған спортшылар үстіміздегі жылдың мамыр айында Ұлан-Баторда (Моңғолия) Азия чемпионатына, қазан айында Тбилиси (Грузия) қаласында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Жарыстар алдында сәуірде оқу-жаттығу жиыны болады.
    Жеңімпаз спортшылар: 48 келі: Бибіхан Нәбиева (№1ОРМБЖМ), Дәулет Тұрғанов (№15ОРМБЖМ), 52 келі: Диана Ғайбулла (№8ОРМБЖМ), 70 келі: Аида Файзолла (№1ОРМБЖМ), 75 келі: Арайлым Оразбай (ОСДБАМИ).
    Күміс жүлдегерлер: 60 келі: Аружан Сатова (№1ОРМБЖМ), +75 келі: Айдана Кенжебай (№1ОРМБЖМ).
    Қола жүлдегерлер: 56 келі:Зульфия Баянова (№1ОРМБЖМ), 60 келі Нұршат Әбілтаев (№16БЖСМ), 65 келі: Ержан Аббазов (№15ОРМБЖМ), 87 келі: Еңбек Сақтағанов (ОСДБАМИ).




30 қаңтар 2018 ж. 852 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области