Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тісті құртатын он азық-түліктің тізімі жарияланды

Тісті құртатын он азық-түліктің тізімі жарияланды

Kyzylorda-news.kz. Медицина ғылымдарының кандидаты, тіс дәрігері Дмитрий Смирнов тістің эмалін бұзатын азық-түлікті атады, деп хабарлайды Sputniknews.kz.
Тіс эмалінің басты жауы – газдалған сусындар. Оның құрамындағы қант ауыз қуысындағы зиянды микрофлораны қоректендіреді.
«Мұз кәмпит, карамель, ирис және сағыз да өте қауіпті. Олар ауыз қуысында тіс жегінің таралуына әкеп соғады», - делінген хабарламада.
Смирновтың айтуынша, күнделікті жейтін ботқа да тісті құртатын өнімдердің қатарында. Бұл тағамның қалдығынан тіс жегі пайда болады.
Тізімге, бұдан бөлек, шала қуырылған жұмыртқа мен уылдырық, кептірілген жеміс енген. Олар тіске жабысып, тіс арасында қалып қояды. Маман бұл тағамдарды жеген соң, міндетті түрде тісті тазалауға кеңес береді.
Қышқыл жеміс-жидек пен олардың дайындалған шырындар да тіс эмалін бұзады.
Тұздық пен тосап та – қауіпті өнімдердің қатарында. Бұған қоса, чука балдырынан әзірленген салат пен маринадталған өнімдер де тісті бұзып қана қоймай, қызыл иекке зиян келтіреді.
26 тамыз 2019 ж. 477 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области