Тіс күтімі жайлы не білесіз?
Тіс және ауыз гигиенасы
Адамның тісі оның негізгі мәшинесі. Өйткені қандай тамақ болсын тіспен шайнап жейді. Тісі жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды. Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді.
Тісі түсіп қалу,тісті ауыз қуысының гигиенасын сақтамағандықтан болады. Сондықтанда тіс пен ауыз қуысын ерекше күтімге алған жөн.
Тіс және ауыз қуысы күтіміне мына төмендегілер жатады:
1. Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Тіс щеткасының пайдалануға қолайлы болғаны дұрыс. Синтетикалық материалдардан жасалған щеткаларды 3-4 айда ауыстырып отырыңдар;
2. Қызыл иікті де қолмен ысқылап, ерінбей массажды үнемі жасап отырған дұрыс;
3. Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тіс тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан аспауы керек.
4. Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы тиіс (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып тұруы мүмкін.
Оны кетіру үшін марганцовканың оны әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді;
5. Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуып, спиртпен дезинфекциялаған жаман болмайды.
Тіс пасталары және ұнтақтары құрамына гигиеналық, сондай-ақарнайы, қосымша бөлек биологиялық – физиологиялық белсенді заттар енгізіледі (тұздар – фермениттер – биологиялық катализаторлар, микроэлементтер – Mn, Cu, Fe, Co, Zi, Ti және фтор, кальций – хлорофилл жасыл пигмент, өсімдік жапырақтарынан өндіріледі). Олар тіс тканьдеріне, қызыл иекке, кілегейлі қабыққа және ауыз қуысына жағымды терапиялық әсер етуге есептелген ем-домдық – профилактикалық көптеген тіс пасталары шығарылады.
6. Тісті тазартқаннан кейін ауызды эликсирмен шайыңдар. Міне тіскүтімі осындай деңгейде жүру керек.