Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Судың ыдыстарында «балаларға арналған» деген жазу болуы тиіс

Судың ыдыстарында «балаларға арналған» деген жазу болуы тиіс

2019 жылдың қаңтарынан ЕАЭО-ның «Табиғи минералды сумен қоса ыдыстағы ауыз судың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент күшіне енді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) техникалық регламенті 2013 жылдың шілдесінен бастап қолданыстағы ыдыстарға құйылған ауыз суға және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» басқа да одақтық техникалық регламентпен белгіленген минералды ауыз суға қойылатын жеке міндетті талаптарды толықтырады. ЕАЭО-ның жаңа құжаты табиғи минералды суға, соның ішінде асханаға, емдік-асханаға және емдік суға, сондай-ақ өңделген және табиғи ауыз суға, балалар тамағына арналған ауыз суға, жасанды минералданған ауыз суға қатысты», - делінген таратылған мәліметте.
Техникалық регламент (ЕАЭО) буып-түйілген ауыз судың мақсаты мен қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында әзірленді.
Бұл құжат ЕАЭО кедендік аумағында қолдануға және орындауға міндетті одақтың кедендік аумағында айналымға шығарылатын және тұтынушыларға өткізуге арналған буып-түйілген ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды, оны өндіру, сақтау, тасымалдау тәртібін, сондай-ақ одақтың кедендік аумағында оның еркін айналысын қамтамасыз ету үшін ауыз суды таңбалау мен орауға қойылатын талаптарды белгілейді.
«Балалар тамағына арналған ауыз су ыдыстарында міндетті түрде «Балалар тамағына арналған» деген жазу пайда болады. Өндіруші немесе сатушы ауыз су (үш жасқа дейін немесе үш жастан бастап) қай жастағы балаларға арналғандығы туралы мәлімет беруі тиіс. Сонымен қатар, жалпы минералдануы, химиялық элементтері, сақтау шарттары және ыдысты ашқаннан кейін жарамдылық мерзімі жайында хабардар етуі керек», - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, балалар тамағына, емдеу-асханасына және емдік табиғи минералды суға арналған ауыз судан өзге буып-түйілген ауыз су айналымға шығарар алдында декларациялануы тиіс.
Техникалық регламентпен толық Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтынан http://www.eurasiancommission.org танысуға болады.

18 қаңтар 2019 ж. 597 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области