Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖАҚСАРДЫ

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖАҚСАРДЫ

Мемлекет басшысы халыққа кезекті Жолдауында «Қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері – халықтың денсаулығын жақсартудың аса маңызды міндеті, сондықтан бұл біздің басымдығымыз болады. Орташа алғанда республика бойынша ауыз суға қолжетімділік деңгейі 2020 жылға қарай 98 пайызды құрауы тиіс, ал судың сапасы белгіленген барлық санитарлық нормаларға сай болуы керек. Үкіметке жеке капиталды су шаруашылығы секторына барынша молынан тарту үшін ынталандырудың тиімді жолдарын қарастыруды тапсырамын» деген болатын.
Осы орайда Қазалы ауданында да халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету күн тәртібінен түскен емес. Себебі, су – барлық тіршіліктің көзі.
Негізінен, аудандағы барлық ауылға таза ауыз су жеткізілген. Дегенмен, 6 ауылда сервистік желі тартылмаған болатын. Биыл 2 ауылға (Басықара, Түктібаев)және Қарлан учаскесіне сервистік желі тартылады. Қаржы мәселесі шешілді (382,1 теңге).
Қалған 4 елді мекенді (Жанқожа батыр, Майдакөл, Бекарыстан би, Жалпақ елді-мекені) сервистік желіге қосу үшін бюджеттен 20 млн. теңге бөлініп, жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Сонымен қатар, өткен жылы салынған Әйтеке би кентіндегі №7 су көтеру бекетінен қосымша су қоймасы іске қосылды. Бүгінгі күні барлық елді мекенге тәулік бойы таза ауыз су беруге мүмкіндігіміз бар.
27 тамыз 2018 ж. 872 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области