СУ ҚҰБЫРЛАРЫНЫҢ 70 ПАЙЫЗЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН
Соңғы жылдары Қызылорда қаласында ауыз су мәселесі түбегейлі шешімін тауып, халық жер асты суын тұтына бастаған болатын. Қала тұрғындары бұған дейін тұтынып жүрген ауыз сумен бүгінгі күні пайдаланып отырған ауыз судың арасы жер мен көктей екенін жиі айтады. Расымен де, соңғы бірнеше жылдан бері қалада ауыз су сапасы жақсара түсті. Тиісінше, халықтың күнделікті тұтынатын ауыз суына қыруар қаржы бөлінуде.
Бірнеше жыл көлемінде облыс орталығындағы ауыз су инфрақұрылымын дамытуға 16 млрд. теңгеге жуық қаржы тартылды. Биылғы жылы осы жұмыстардың жалғасы ретінде, «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 13 жоба бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 1 млрд. 584 млн. теңгеге 10 шақырым ауыз су және 7 шақырым кәріз су құбырлары қайта жаңғыртудан өтуде.
Қалаға қарасты елді мекендерде ауыз су жүйелерін жүргізуге
8 жоба бойынша республикалық және облыстық бюджеттен 1 млрд. 34,8 млн. теңгеге 74,5 шақырым ауыз су, 2 дана су жинау қоймасының құрылысына қаржы бөлінді.
Жыл сайынғы, жүйелі жұмыстардың нәтижесінде қалаішілік су құбырларының 70 пайыздан астамы толық жаңартылған.